Көкенай Үмбетейұлы
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Көкенай Үмбетейұлы (17 ғасыр аяғы, Сыр бойы – 18 ғасыр ортасы, Түркістан қаласы) – батыр. Орта жүз құрамындағы арғын тайпасының тобықты руынан шыққан. Көкенай “Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама” жылдары қол бастаған ірі тұлғалардың бірі. Әнет баба өнегесін алған. “Қалқаман-Мамыр” дастанында Көкенай батыр, мінезі қатты кісі тұлғасында суреттелген. Көкенай батыр мәйіті Қожа Ахмет Иасауи кесенесіне жерленген.
Дереккөздер
<references/>Қазақ Энциклопедиясы, 11 - том