Көзжасы бездері
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Көзжасы бездері (Үлгі:Lang-la glandula — без, lacrimalis - көзжасы) - көздің қорғаныс мүшесі. Көзжасы бездері — мандай сүйегінің бет өсіндісіндегі көз жасы шұңқырында орналасқан, құрылысы жағынан түтікше—көпіршікше бездер. Олардан бөлінетін көз жасы — қасаң қабықты жуып, көздің ішкі бүрышындағы көз жасы көліне жиналып, көз жасы тесігі мен өзегі арқылы көз жасы қапшығына өтеді де, мұрын-көз жасы өзегі арқьшы мұрын қуысына құйылады.<ref>Биоморфология терминдерінің түсіндірме сөздігі / — Алматы: «Сөздік-Словарь», 2009 жыл. ISBN 9965-822-54-9</ref>
Дереккөздер
<references/>