Көбей Шахметұлы Хұсайынов

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Үлгі:Ғалым Көбей Шахметұлы Хұсайынов (27 наурыз 1945 жыл, Алматы- 30 наурыз 2018 жыл, сол жерде) – тіл білімі маманы, филология ғылымдарының докторы (1988), профессор.

Өмірбаяны

ҚазМУ-ды (1968, қазіргі ҚазҰУ) және Қазақстан ғылым академиясының Тіл білімі институты ың аспирантурасын (1971) бітірген.

Қазақстан ғылым академиясының Тіл білімі институтында кіші, аға ғылыми қызметкер (1971–1978), ғалым-хатшы (1978–1982), аға ғылыми қызметкер (1982–1992), институт директорының орынбасары (1992–1995), директоры (1995–2009) болды. 2009 жылдан бас ғылыми қызметкер.

Еңбектері

Ғылыми еңбектері қазақ тілінің келелі мәселелеріне арналған. «Қазақ тіліндегі атаулардың дыбыс бейнелеуіштігі» тақырыбында докторлық диссертация қорғады. 50-ден астам ғылыми жарияланымның авторы.

Үлгі:Wikify Үлгі:Суретсіз мақалаҮлгі:Bio-stub