Кеңтарлау (аңғар)

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Үлгі:Аңғар КеңтарлауСарыарқаның оңтүстік-шығыс бөлігіндегі аңғар.

Географиялық орны

Балқаш көлінен солтүстікке қарай 40 км жерде, Еспе және Қарақұдық өзендерінің арнасына жалғасады.

Сипаты

Оңтүстіктен солтүстікке қарай 90 км-ге созылып жатыр. Аңғар табаны өзен шөгінділерінен, құмсаз, гипс, саз, құмайтты жыныстардан құралған. Қоңыр, бозғылт қоңыр топырақты жерлерінде жусан, баялыш, көкпек, тобылғы, қараған өседі. Жер асты суы (ащы) әр түрлі тереңдікте кездеседі. Аңғар күзгі, қысқы, көктемгі жайылым.<ref name="source1">Қазақ энциклопедиясы</ref>

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер