Изенді
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Изенді – Шығыс Қазақстан облысы Аягөз ауданы Бидайық ауылынан оңтүстік-шығысқа қарай 22 км жерде орналасқан қыстау. Қыстаудың солтүстігінде салыстырмалы биіктігі 54 м болатын төбе орналасқан. Батыс бөлігінен Бақанас өзені ағып өтеді. Өзен аңғарында Кенжеқора, Тілеутай қыстаулары бар.<ref>Қазақ энциклопедиясы</ref>