За индустриализацию (газет)

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

За индустриализацию - КСРО халық шаруашылық жоғарғы кеңесі өнеркәсібінің газеті. 1930-37 жылы Мәскеу қаласында шығып тұрды. 1932 жылдан КСРО Ауыр өнеркәсібі халық комиссариатының органына айналды; 1937-40 жылы «Индустрия», ал 1940-41 жылы «Черная металлургия» («Қара металлургия») деп аталды. Әсіресе, КСРО-да индустрияландыру кезеңінде жұртшылықты ел экономикасын дамыту жұмысына жұмылдыруда газет үлкен рөл атқарды. КСРО Ауыр өнеркәсібі халық комиссариатының геологиялық барлау ісі қызметкерлерінің Бүкілодақтық кеңесінің жұмысы жайында (1938) жазылып, онда белгілі геологтармен қатар Қаныш Сәтбаевтың есімі де аталған.<ref>Қаныш Сатпаев. Энциклопедия / Бас редактор Б.Ө.Жақып. — Алматы «Қазақ энциклопедиясы», 2011 жыл. ISBN 9965-893-74-8</ref>

Дереккөздер

<references/>

Үлгі:Wikify Үлгі:Суретсіз мақалаҮлгі:Stub