Замир Садықұлы Сағынов
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Замир Садықұлы Сағынов (1966 жыл 18 қазан Батыс Қазақстан облысы) - қоғам қайраткері.
Өмірбаяны
- Өскемен құрылыс-жол институтын «Автомобиль жолдары» мамандығы бойынша тәмамдаған, инженер-құрылысшы.
- 1991 -1998 жылдар аралығында Фурманов аудандық автожол мекемесінде жол мастері, прораб, Облыстық "Орал жолдары" қазынашылық кәсіпорынының бас инженері, жол қауіпсіздік байланыс және жол қорғау бөлімінің бас маманы болып қызмет еткен.
- 1999-2006 жылдар аралығында Батыс Қазақстан облыстық "Қазақавтожол" РМҚК пайдалану жөніндегі директор орынбасарының міндетін атқарушы, Батыс Қазақстан облыстық Автомобиль жолдары басқармасының бастығы, Казталов ауданының әкімі қызметін атқарған.
- 2006 жылдың наурыз айынан Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Көлік инфрақұрылымын дамыту комитеті төрағасының бірінші орынбасары.
- 2008 жылдың қаңтар айында Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Көлік инфрақұрылымын дамыту комитетінің төрағасы лауазымына тағайындалды.
- 2007-2014 жылдары Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Автомобиль жолдары комитетінің төрағасы қызметін атқарды.
- 2014 жылдың наурыз айынан тамыз айына дейін Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің жауапты хатшысы болды.
- 2015 жылдың тамызынан - Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің жауапты хатшысы қызметіне тағайындалды.<ref>Қазақстанда осы аптадағы жаңа кадрлық тағайындаулар</ref>
Марапаттары
- «Ерен еңбегі үшін» медалі
- «Астананың 10 жылдығы» медалі.<ref>Замир Садықұлы Сағынов</ref>