Жұмаш Тұрсын
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Жұмаш Тұрсын (1959-1995), ақын, журналист.
Қарағанды педагогикалық институтында оқыған. Егіндібұлақ, Бұқар жырау аудандық газеттерінде тілші, бөлім меңгерушісі болып қызмет атқарған. Өлендері облыстың, респ. газет-журналдарда жарық көрген.
Жұмаш шығармашылығынан Ж. Нәжімеденов, Е. Раушанов, С. Ақсүңқарұлы сияқты белгілі ақындар жоғары баға берді. «Періште» атты жыр жинағы 1997 ж. жарық керді. <ref>Қарағанды. Қарағанды облысы: Энциклопедия. - Алматы: Атамұра, 2006. ІSBN 9965-34-515-5</ref>
Дереккөздер
<references/>