Жұлын түйіндері
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Жұлын түйіндері (Үлгі:Lang-la ganglion — түйін, spinalis — жұлын) — жұлынның жоғарғы (адамда — артқы) түбіршігі бойында орналасқан, сезімтал нейроциттерден құралған түйіндер (ганглиондар). Сезімтал нейроциттердің дендриттері терідегі сезімтал жүйке ұштарынан басталып, сезімтал жүйке талшықтарын құрайды. Ал олардың аксондары жоғарғы (адамда — артқы) түбіршік арқылы жұлынға енеді.<ref>Биоморфология терминдерінің түсіндірме сөздігі/ - Алматы: "Сөздік-Словарь", 2009. ISBN 9965-822-54-9</ref>
Дереккөздер
<references/>