Жүрекет жасушалары
Жүрекет жасушалары (Үлгі:Lang-el mys - бұлшықет, kytos - жасуша; kardia — жүрек) — жүректің бұлшықет қабығын (миокардты) құрайтын жасушалар. Кардиомиоциттің пішіні ұзын цилиндр тәрізді. Жасушаның сопақ ядросы цитоплазманың ортасында, ал жиырылғыш протеиндік жіпшелері цитоплазманың шеткі ұзынынан орналасады.
Жүрекет жасушалары — еріксіз жиырылатын көлденең жолақты жасушалар. Зақымдалған кардиомиоциттер қалпына келмейді. Жүрекет жасушалары қызметіне байланысты жұмысшы (жиырылғыш) және өткізгіш болып екі топқа бөлінеді. Олар бір-бірінен мөлшері мен миофибриллалар санына және боялу сипатына байланысты ажыратылады. Жүрекет жасушалары өздерінің ұштарымен бір-бірімен тізбектеле тығыз байланысып, қаңқа бұлшықет талшықтарына үқсас "миоталшықтар" түзеді. Көршілес кардиомиоциттердің саусақ тәрізді өсінділі ұштарының бір-бірімен өзара тығыз байланысқан шекарасын аралық дискі деп атайды. Кардиомиоталшықтар аралығында қан, лимфа тамырлары мен жүйкелерге бай борпылдақ дәнекер ұлпалық аралық (эндомизий) орналасады.<ref>Биоморфология терминдерінің түсіндірме сөздігі / — Алматы: «Сөздік-Словарь», 2009 жыл. ISBN 9965-822-54-9</ref>
Дереккөздер
<references/>