Жыландышалқар

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Үлгі:Көл ЖыландышалқарНұра өзені алабындағы көл.

Географиялық орны

Ақмола облысы Қорғалжын ауданында орналасқан ағынды көл. Шишалқар, Ұялышалқар, Жәнібекшалқар көлдерінің аралығында, теңіз деңгейінен 328 м биіктікте. Қорғалжын ауылынан солтүстік-шығысқа қарай 26 км жерде.

Гидрографикасы

Аумағы 15,8 км2. Ұзындығы 5,1 км, енді жері 4,8 км, жағалау бойының ұзындығы 16,6 км. Нұра өзені солтүстігінен құйып, батысынан ағып шығады. Сәуірде мұзы ериді. Жағалауында қамыс құрақтары өседі. Суы тұщы. Мал шаруашылығына және тұрмыстық қажеттіліктерге пайдаланылады. Батысында Ұялы ауылы орналасқан.<ref>АТАМЕКЕН: Географиялық энциклопедия. / Бас ред. Б.Ө.Жақып. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2011. – 648 бет. ISBN 9965-893-70-5</ref>

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер