Жеңіс Сейдоллаұлы

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Үлгі:Музыкант Жеңіс Сейдуллаұлы (1962 жылы 14 мамырда Қызылорда облысы, Қармақшы ауданында туған) — әнші, композитор. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері (2006).«Қазақконцерт» мемлекеттік концерттік ұйымының директоры (2018 жылдан бастап), "Құрмет" орденінің иегері. Қармақшы ауданының Құрметті азаматы (2007). Қызылорда қаласының құрметті азаматы (2018)

Толығырақ

Еңбек жолы

  • 1984-1987 – «Гүлдер» мемлекеттік ансамблінің оркестр әртісі;
  • 1989-1994 – Сүйінбай атындағы Облыстық филармония оркестрінің әртісі;
  • 1994-1997 – «Гүлдер» мемлекеттік ансамблінің бас дирижері;
  • 1998-2004 – Сүйінбай атындағы Алматы облыстық филармониясының әншісі және ұйымдастырушысы;
  • 2005 – «Отан» Республикалық саяси партиясының Орталық аппаратында «Идеология» бөлімі меңгерушісінің орынбасары;
  • 2006-2013 – «Қазақ әуендері» АҚ филиалы «Гүлдер» ансамблінің директоры;
  • 2013 – «Қазақ әуендері» АҚ Алматы қаласындағы Аймақтық директоры;
  • 2013-2014 – Т. Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық өнер академиясында шығармашылық жұмыстар және сыртқы байланыстар жөніндегі проректоры;
  • 2014 – «Ж. Елебеков атындағы Республикалық эстрада-цирк колледжі» РМҚК директоры;
  • 2016-2018 – Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік филармониясының директоры;
  • 2018 жылдың ақпан айынан бастап «Қазақконцерт» мемлекеттік концерттік ұйымының директоры болып еңбек етуде.

Жетістіктері

  • 2006 жылы 8 желтоқсанда елбасының жарлығымен Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері құрметті атағымен марапатталған.
  • 2007 жылы Қармақшы ауданының Құрметті азаматы
  • 2010 жылы Қазақстанның "Еңбек ардагері" медалі
  • 2011 жылы "Қазақстан тәуелсіздігіне 20 жыл" медалі
  • 2015 жылдың 3 желтоқсанындағы елбасының жарлығымен Құрмет ордені мен марапатталды.
  • 2015 жылы "Қазақстан конститутциясына 20 жыл" медалі
  • 2015 жылы Алматы облысы, Қаратал ауданының құрметті азаматы атағы
  • 2015 жылы "Қазақ хандығына 550 жыл" алтын медалі
  • 2016 жылы "Қазақстан тәуелсіздігіне 25 жыл" медалі
  • 2018 жылы «Астана 20 жыл» мерекелік медалі
  • 2018 жылы «Қылмыстық іздестіру қызметіне 100 жыл» мерекелік төс белгісімен марапатталған.
  • 2019 жылы ҚР Президентінің жеке алғыс хатымен марапатталған.