Жаңақала бекінісі

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Жаңақала бекінісі – Хиуа хандығының қазақ даласына өз ықпалын нығайту мақсатымен XIX ғасырда салған бекінісі.

Орналасқан жері

Сырдария өзенінің сол жағасында, Райым бекінісінен (қазіргі Қазалы қ.) 70 км-де жерде орналасқан.

Деректер

1842 жылы қиратылған "Бабажан қорғанының" орнын 1845 жылы хиуалықтар қайтадан қалпына келтіріп, сол жылдан "Жаңақала" деп аталған. Ресей өкіметі 1847 жылы Райым бекінісін қайта салғаннан кейін хиуалықтар бұл қорғанды тастап кеткен. 1963 жылы Қаракөл кеңшарының орталығына айналды. Кейін мұнда шаруа қожалықтары ұйымдастырылды.
Бекініс маңында Сырлытам, Әлібек, Торыбай, Түйебай, Ақмырза, Тоғанас, Жандыарал, Қосқала, Қарақ, Кекірелі Шірік-Рабат, Мырзағали мешіті сияқты тарихи ескерткіштер бар.<ref>Қ 18 Қазақстан тарихы. Энциклопедиялық анықтамалық (толықтырылған 2 - басылым). - Алматы: "Аруна Ltd." ЖШС, 2010. - 786 б. ISBN 9965 - 26 - 175 - X</ref>

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер