Жақсыбек Әбдірахметұлы Құлекеев
Үлгі:Мемлекеттік қайраткер Жақсыбек Әбдірахметұлы Құлекеев (24 шілде 1957, Бостандық ауылы, Талас ауданы) — Қазақстанның мемлекет және қоғам қайраткері, экономика ғылымдарының кандидаты. AERC Қолданбалы экономикалық зерттеулер орталығының ғылыми жетекшісі, Еуразия ұлттық университетінің директорлар кеңесінің төрағасы, Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының, Халық банкінің және ҚазАзоттың тәуелсіз директоры.
Мазмұны
Ерте жылдары және мансабы
Жақсыбек Құлекеев 1954 жылы 24 шілдеде Жамбыл облысы Талас ауданының Бостандық кеңшарында туған.
С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетін бітірген (1979), математик. Экономика ғылымдарының кандидаты. Кандидаттық диссертациясының тақырыбы: «Қайталап өндіріп отырудың екі секторлы моделін жетілдіру және оны макроэкономикалық динамиканы болжамдауда пайдалану» (ҚазКСР мысалында). Профессор.<ref>Қазақстан Республикасында кімнің кім екені - 2011. 2 томдық анықтамалық. Алматы, 2011 ІSВN 978-601-278-473-2</ref>
1979 жылдан 1992 жылға дейін Алматы халық шаруашылығы институтында оқытушы, аға оқытушы, кафедра доценті, 1992 жылдан 1995 жылға дейін Қазақ мемлекеттік басқару академиясында кафедра меңгерушісі болды.
1995 жылы мемлекеттік қызметке шақырту алып, төрт жыл бойы статистика саласында басшылық қызметтер атқарды: 1995—1997 жылдары ҚР Статистика және талдау жөніндегі мемлекеттік комитеті төрағасының бірінші орынбасары, ҚР Ұлттық статистика агенттігі төрағасының бірінші орынбасары, 1997—1999 жылдары ҚР Экономика және сауда министрлігі Ұлттық статистика агенттігінің директоры, ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Статистика және талдау комитетінің төрағасы болды.
1999—2000 жылдары ҚР Экономика министрі, 2000—2002 жылдары ҚР Экономика және сауда министрі, 2002—2003 жылдары Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің төрағасы, 2003—2004 жылдары ҚР Білім және ғылым министрі болды. 2005—2006 жылдары ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясын басқарды.
2006—2007 жылдары «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ бірінші вице-президенті, 2007—2008 жылдары «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ президенті лауазымдарын атқарды.
2008 жылы қызметтік өкілеттігін асыра пайдаланғаны үшін үш жылға бас бостандығынан айыруға үкім шығарылған. 2009 жылы мерзімінен бұрын шартты түрде босатылған.
2010—2014 жылдары Қазақ мұнай және газ институтының корпоративтік даму жөніндегі басқарушы директоры, бас директорының кеңесшісі болды.<ref>Жақсыбек Әбдірахметұлы Құлекеев Үлгі:Webarchive</ref> 2021 жылдан бастап — «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ басқарма төрағасының кеңесшісі. AERC Қолданбалы экономикалық зерттеулер орталығының ғылыми жетекшісі.
Қоғамдық қызметі
- Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Ұлттық инвесторлар кеңесінің мүшесі (09.2007-11.2008)
- «Каскор-Транссервис» акционерлік қоғамының директорлар кеңесінің мүшесі (2014-2024)
- Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Әлеуметтік экономикалық реформалар мониторингін талдау орталығының мүшесі (04.02.2020 ж. бастап 2024 жылға дейін)
- Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Ұлттық Құрылтайдың мүшесі (14.06.2022 ж. бастап)
- Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының тәуелсіз директоры (08.2022 ж. бастап)
- Еуразия ұлттық университетінің директорлар кеңесінің төрағасы (10.2022 ж. бастап)
- «ҚазАзот» акционерлік қоғамының тәуелсіз директоры (06.2023 ж. бастап)
- Заңсыз иемденілген активтерді мемлекетке қайтару мәселелері жөніндегі комиссияның мүшесі (10.2023 ж. бастап)
- Қазақстан Халық банкінің тәуелсіз директоры (12.2023 ж. бастап)<ref>ҚТЖ-ның экс-басшысы Жақсыбек Құлекеев Halyk bank-тің тәуелсіз директоры болды</ref>
- Білім сапасын қамтамасыздандыру бойынша тәуелсіз агенттігінің (IQAA) бақылау кеңесінің төрағасы<ref>НАБЛЮДАТЕЛЬНЫЙ СОВЕТ IQAA</ref>
Қылмыстық іс
Жақсыбек Құлекеев 2008 жылы 1 сәуірде «Қазақстан темір жолының» басшысы болған уақытында 100 мың доллар пара алды, лауазымдық өкілеттіктерін асыра пайдаланды, мемлекетке ірі мөлшерде материалдық зиян келтірді деп айыпталып, қамауға алынды. 2008 жылы 13 қарашада Астананың №2 Сарыарқа аудандық сотында Құлекеев пара алу айыбы бойынша толық ақталып шығып, лауазымдық өкілеттіктерін асыра пайдаланғаны үшін 5 жылға дейін басшылық қызметте болудан шеттетіліп, 3 жылға бас бостандығынан айырылды.<ref>Самый громкий процесс года завершен</ref> 2009 жылы 20 қазанда Алматының №2 Жетісу аудандық сотының шешімімен Құлекеев мерзімінен бұрын шартты түрде босап шықты.<ref>"Я для госслужбы, скорее всего, потерянный человек"</ref> 2021 жылы Астана қаласының соты оны толық ақтаған.<ref>«Я никогда не владел акциями»: — экс-президент КТЖ Кулекеев ответил на материал Orda.kz</ref>
Отбасы
Жұбайы Гүлнар Исмурзина (1957 ж. туған) — «Тұран-Астана» университетінің құрылтайшыларының бірі, бірнеше баспаның иесі.<ref>Фонд-бюро расследования коррупции</ref> Қызы Динара Құлекеева (1980 ж. туған), ұлы Дайыр Құлекеев (1986 ж. туған) — ҚазТрансОйлға қарасты «МұнайТас» ЖШС бас директоры. Күйеу баласы Дархан Дәуітов (1981 ж. туған) — 2022 жылдан Азық-түлік келісімшарт корпорациясының басқарма төрағасының бірінші орынбасары.<ref>Даутов Дархан Алтаевич Үлгі:Webarchive</ref> Келіні Дина Жүкенованың анасы Айгүл Жәкішева — Қазатомөнеркәсіптің бұрынғы басшысы Мұхтар Жәкішевтің немере қарындасы.<ref>Сведения об аффилированных лицах АО «КазТрансОйл» Үлгі:Webarchive</ref>
Жақсыбек Құлекеевтің немере ағасы Батырбек Құлекеев (1953 ж. туған) — Тараз қалалық мәслихатының бұрынғы хатшысы, 2025 жылдан Қазақстан тоғызқұмалақ федерациясының вице-президенті.<ref>Назначен президент Федерации тогызкумалак Казахстана</ref> Ұлдары: Ғалым Құлекеев (1979 ж. туған) — 2024 жылдан Қарағанды облыстық сотының судьясы, Досбол Құлекеев (1981 ж. туған) — 2023 жылдан Қарағандының Ә. Бөкейхан ауданының әкімі.<ref>Токаев назначил и уволил председателей судов и судей</ref><ref>Кулекеев Досбол Батырбекович (персональная справка)</ref> Бауыры Болат Құлекеев — ардагер полиция полковнигі, бұрынғы Тараз қалалық ішкі істер басқармасының бастығы.<ref>В Таразе назначен начальник городского управления внутренних дел</ref>
Еңбектері
Құлекеев «Микроэкономика жөніндегі практикалық сабақтар» (1994 ж. кітап авторларының бірі), «Инвестициялық институттар және жекешелендіру процестері» (1995), «Қазақстан экономикасындағы мемлекеттік құнды қағаздар» (1996), «Жобалық анализге кіріспе» (1996), «Микроэкономика» (1997), «Нарыққа өту жағдайындағы жер қатынастары» (1999) кітаптарының авторы.<ref>Қазақ энциклопедиясы.</ref>