Жасұлан Қыдырғожаұлы Жұмашев
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Жасұлан Қыдырғожаұлы Жұмашев - 1968 жылы 22 қаңтарда Орал облысы Тайпақ ауданы Калмыков кентінде туған. Қазақ. Әкесі - Жұмашев Қадырғожа, марқұм. Анасы - Жұмашөва Күлия, марқұм.
Хронологиясы
- Қызыл тулы Новочеркасск Жоғары әскери командалықбай- ланыс училищесінің байланыстың командалық-тактикалық әскері факультетін (1990) электрлі байланыс құралдарын қолдану инженері мамандығы бойынша;
- ҚР Әскери күштерінің Әскери академиясын (2003) жоғары әскери білімді бар офицер дәрежесімен үздік бітірген.
- Қазақ және орыс тілдерін біледі.
- 1985 жылдан - «Оралқұрылыс» тресі 810-ЖМК тас қалаушысы.
- 1986 жылдан - Қызыл тулы Новочеркасск Жоғары әскери командалық байланыс училищесінің курсанты.
- 1990 жылдан - КСРО МҚК арнаулы міндет атқаратын бөлімінде қызмет атқарған (Волгоград қ.).
- 1992 жылдың қаңтарынан қыркүйегіне дейін - Қызыл тулы Солтүстік Кавказ әскери округі 20 МАД мотоатқыш полкы радио взводының командирі.
- 1992 жылдың қазанынан - ҚР ІІМ Ішкі әскер оқу бригадасы байланыс батальонының взвод командирі (Алматы облысы).
- 1993 жылдың наурызынан мамырына дейін - ҚР ІІМ Ішкі әскер байланыс батальоны командирінің техникалық бөлім бойынша орынбасары (Алматы облысы).
- 1993 жылдың маусымынан - ҚР ІІМ Ішкі әскер айдауыл полкы байланысының бастығы (Алматы қ.).
- 1994 жылдан - ҚР ІІМ Ішкі әскер жеке бригадасы байланысының бастығы (Алматы қ.).
- 1995 жылдан - ҚР ІІМ Ішкі әскер бригадасы байланысының бастығы (Петропавл қ.)
- 1996 жылдан - ҚР ІІМ Ішкі әскер Қолбасшысы Бас басқармасы байланыс бөлімінің аға офицері.
- 1999 жылдан - ҚР ІІМ Ішкі әскер Қолбасшысы Бас басқармасы Байланыс және БАЖ басқармасының бастығы (Астана қ.).
- 2000 жылдан - ҚР ІІМ Ішкі әскер Қолбасшысы Бас басқармасы Бас штабы Байланыс басқармасының бастығы (Астана қ.).
- 2001 жылдан - Тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыстар басқармасының бастығы - ҚР Республика ¥ланы Қолбасшысының көмекшісі.
- 2003 жылдан - ҚР Республикалық гвардиясы Тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыстар басқармасының бастығы (Астана қ.).
- 2004 жылдан - ҚР Республика Үланы Қолбасшысының аппарат жетекшісі (Астана қ.).
- 2005 жылдан - ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі Батыс Қазақстан облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы.
- 2008 жылдан - ҚР ТЖМ Атырау облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы.
- 2011 жылдың наурыз айынан бері - ҚР ТЖМ Информатизация және байланыс департаментінің директоры.
Жетістіктері
- II дәрежелі «Айбын» орденімен,
- «Астана» (1998),
- «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл» (2001),
- 3-ші (2002), 2-ші (2007) дәрежелі «[[ Мінсіз қызметі үшін»,
- «Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінің 10 жылдығы» (2002),
- «Төтенше жағдайлардың алдын алуда және жоюда үздік шыққаны үшін» (2007),
- «Астананың 10 жылдығы» (2008) медальдарымен,
- 2-ші (1992), 1-ші (1993) дәрежелі «ҚР ІІМ ІӘ қызметінде үздік шыққаны үшін»,
- 2-ші (1994), 1-ші (1995) дәрежелі «Қайсар», 2-ші (2002),
- 1-ші (2004) дәрежелі «Үландағы үздік қызмөті үшін» марапатталған.
Әскери атағы - полковник. Саяси қайраткер ретіндегі идеалы - Н.Ә. Назарбаев, У. Черчилль. Қазақстанның болашағы туралы болжамы - «[[ Егемен, зай- ырлы, ішкі саясаты әлеуметтік бағдардағы демократиялы мемлекет». Үйленген. Жұбайы - Жұмашева Жанат Ғаділқызы (1972 жылы туған), «Қазкоммерцбанк» АҚ бөлім бастығы. ¥лы - Жұмашев Болат Жасұланұлы (1991 жылы туған); қызы - Жұмашева Аяжан Жасұланқызы (2001 жылы туған).<ref>Қазақстан Республикасында кімнің кім екені – 2011. 2 томдық анықтамалық. Алматы, 2011. ISBN 978-601-278-473-2</ref>
Дереккөздер
<references/>