Жаннат Әбдіуәлиқызы Файзоллаева
Жаннат Файзоллаева Әбдіуәлиқызы
1969 жылы 5 желтоқсанда Алматы қаласында туған.Қазақ.
Қазақ қыздар педагогикалық институтының тарих-кітапхана факультетін бітірген (1992), тарих пәнінің оқытушысы.
Қазақ және орыс тілдерін біледі.
1987-1994 жылдары - Алматы құрылыс колледжінің кітапханашысы.
2008 жылдан бері - Қазақстандағы алғашқы «International Choice Company» психологиялық талдау және психотерапия медициналық орталығының директоры және құрылтайшысы.
Хоббиі - психология, психологиялық талдау.
Сүйіп оқитын әдебиеті - Т.Драйзер, Р.Стаут.
Тұрмыс құрған. Жұбайы - Қашапов Ғарифолла Сапаұлы.Қыздары - Лаура (1988 ж. т.), Алуа (1992 ж. т.), Аружан (2004 ж. т.).<ref>Қазақстан Республикасында кімнің кім екені . Екі томдық анықтамалық. Алматы, 2011 жыл. ISBN 978-601-278-473-2</ref>
Дереккөздер
<references/>