Жанатай батыр
Жанатай батыр (1723-1819) – қазақ жерін жоңғарлардан қорғаған XVIII ғасыр батырлардың бірі, Бөгенбай батыр Ақшаұлының (1680-1775) серігі. Арғын тайпасы Атығай руынан шыққан.<ref>Үлгі:Кітап</ref>
Айыртау ауданында дүниеге келген. XVIII ғасырдың 20-жылдары жоңғарлармен болған шайқаста көзге түскен. Жанатай есімі халықтың ауыз әңгімелерінде, аңыздарында кездеседі. Ол туралы Ш. Уәлиханов «XVIII-ғасырдағы батырлар жайлы тарихи деректер» мақаласында айтқан. Есіл ауданының Жанатай (қазіргі Өрнек) ауданында жерленген.<ref name="Source 1">Қазақ Энциклопедиясы</ref>
Кесенесі
Ескерткіш Саумалкөл ауылынан оңтүстік-оңтүстік-батысқа қарай 3,8 км, Саумалкөл ауылынан Арықбалық ауылынан өтетін жолдан батысқа қарай 360 м жерде орналасқан. Ескерткішті 2023 жылы Ә. Х. Марғұлан атындағы археология институтының Солтүстік Қазақстан кешенді археологиялық-этнографиялық экспедициясының барлау жасағы зерттеді.
Кесене жазықта орналасқан. Мұнда бұрын қазақ зираттары болған, қазір бұл жер жыртылып кеткен. Қазіргі ескерткіш 2022 жылы салынған.<ref>Қазақстан Республикасының Тарих және мәдениет ескерткіштерінің жинағы. Солтүстік Қазақстан облысы. 1-шығарылым. Айыртау ауданы. – Алматы, 2024. – 320 б. – Қазақша, орысша. ISBN 978-601-82117-7-5, ISBN 978-601-82117-8-2 </ref>