Жалтыркөл (көл, Ақжайық ауданы)

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Үлгі:Көл Үлгі:Мағына ЖалтыркөлЖайық алабындағы көл.

Географиялық орны

Батыс Қазақстан облысы Ақжайық ауданы жерінде. Ойыл өзенінің сағасында, теңіз деңгейінен 7 м төмен жатыр.

Гидрографикасы, сипаты

Аумағы 19 км2, ұзындығы 8,5 км, енді жері 3,7 км. Жауын-шашын және Ойыл өзені суымен толысады. Тамыз айынан бастап Ойыл өзені көлге жетпей тартылып қалады да көл деңгейі күрт төмендейді. Жағасы жайпақ, солтүстік жағы көтеріңкі келеді. Желтоқсаннаурыз айлары аралығында суы қатады. Суы тұзды. Көктемде мал ішуге жарамды. Алабы – шабындық, жайылым.‎