Жалбыр батыр
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
«Жалбыр батыр» – хикая. Қарасөз араласқан өлеңмен жазылған. Қызылордалық Бекмұхамед Құрманбаев деген азамат 1955 жылы ел арасынан жазып алған. Хикаяда 19 ғасырда Сыр өңірінде өмір сүрген Жалбыр батырдың ерлігі баяндалған. «Ақайдар қарияның аңыз-әңгімесі», «Бекберген қарттың әңгімесі», «Жалбырдың қызы Сүліктің әңгімесі», «Қара деген қарттың әңгімесі», «Сумұрын Жаппас Ораз жыраудың өлеңі», «Кеншімбай ақынның Жалбырдың ата¬тегін өлеңмен сипаттап айтқаны» атты бөлімдерден тұрады. Хикаяның қолжазбасы Әдебиет және өнер институтының Қолжазбалар қорында сақтаулы. <ref>А 31 Айбын. Энциклопедия. / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2011. - 880 бет. ISBN 9965-893-73-Х</ref>
Дереккөздер
<references/>