Ескі Шалқар

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Үлгі:Көл Ескі ШалқарШалқар алабындағы тұйық көл.

Географиялық орны

Ақтөбе облысы Шалқар ауданы жерінде. Мұғалжар тауының оңтүстік ернеуі мен Үлкен Борсық құмының аралығында, теңіз деңгейінен 168 м биіктікте орналасқан.

Гидрографикасы

Аумағы 7,22 км2, ұзындығы 6,5 км, ені 3 км. Суы қарашаның ортасында қатып, наурызда ериді. Жағасы негізінен жайпақ, батыс жағы түйетайлы келеді. Көлге Қауылжыр өзені құяды. Жаз ортасында тартылып, батпақты сорға айналады. Суы тұщы. Мал суаруға пайдаланылады.<ref>АТАМЕКЕН: Географиялық энциклопедия. / Бас ред. Б.Ө.Жақып. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2011. – 648 бет. ISBN 9965-893-70-5</ref>

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер