Есенгүл Кәпқызы

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Есенгүл Кәпқызыжурналист, көркемсөзші, филология ғылымдарының кандидаты.

Өмірбаяны

  • Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің түлегі.
  • 1994 жылы еларалық «Шалқар» газетінен бастап, кейіннен «Алтын бесік» журналында, Би-Би-Си радиосының Алматыдағы қазақ бөлімшесінде қызмет атқарған.
  • 1998-2014 жылдар аралығында Еларалық «Түркістан» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі қызметтерін атқарды, журналистер тобын басқарып, веб сайттың редакторы болды.
  • 2004-2006 жылдары BBC-дің қазақ қызметінде фрилансер қызметін атқарды.
  • 2008-2011 жылдары "Азаттық" радиосының "Қазақтар әлемде" хабарының жүргізушісі. Сонымен қатар, қазақ тіліндегі тұңғыш интернет-газеті «Тарланға» басшылық етті.
  • 2009 жылы "Мінбер" журналистерді қолдау орталығы" қоғамдық қорының негізін қалаған, бүгінде «Мінбер» интернет-порталына жетекшілік етеді. "Мінбер" журналистерді қолдау орталығына жетекшілік ете жүріп, Қазақ журналистеріне арналған елуден астам тренинг, семинар, тағы басқа да журналистерге арналған іс-шаралар ұйымдастырған.
  • 2009-2012 жылдары әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Журналистика факультетінде "Журналистік этика және құқық мәселелер" тақырыбында дәріс оқыды.
  • 2014-2016 жылдары Сүлейман Демирель университетінің Филология және педагогика ғылымдары факультеті "Журналистика" кафедрасының меңгерушісі.
  • 2016-2023 жылдары Сүлейман Демирель университетінің Құқық және әлеуметтік ғылымдар факультеті Әлеуметтік ғылымдар кафедрасының аға оқытушысы
  • 2023-2026 жылдары SDU университетінің Ассистент профессоры
  • 2026- жылдан SDU университетінің Қауымдастырылған профессоры
  • 2018 жылы Болашақ стипендиаты атанып, Ұлыбританиядағы Ньюкасл университетінің International and Multimedia Journalism мамандығы бойынша магистратурасын тәмамдаған.

"Медианет" халықаралық журналистика мектебі ұйымдастырған семинар-тренингтердің, Біріккен ұлттар ұйымының Даму бағдарламасы ұйымдастырған журналистік тренингтердің, Internews-Kazakhstan және "Мінбер" журналистерді қолдау орталығы ұйымдастырған семинар-тренингтердің тренері.

Шығармалары

  • 2007 жылы "Сөздің шыны" ("Ел шежіре" баспасы)
  • 2010 жылы "Жалын" баспасынан "Жас толқын" сериясымен "Жырақта қалған тағдырлар" публицистикалық мақалалар жинағы
  • 2013 жылы "Қазығұрт" баспасынан "Ой түбінде жатқан сөз" атты публицистикалық жинақтары жарық көрген.
  • 2013 жылы "Мінбер" журналистерді қолдау орталығы шығарған "Журналистік білім беру: инновациялар, жаңа технологиялар" оқу-әдістемелік құралының жалпы редакциясын басқарған.
  • 2019 жылы Internews-Kazakhstan қоры ұйымдастырған "Медиасауат жөніндегі оқу құралы: жоғары оқу орындарының оқытушыларына арналған" әдістемелік оқулығының қазақтілді нұсқасын дайындауға қатысқан.
  • 2020 жылы «Мінбер» журналистерді қолдау орталығы ұйымдастырған «Бизнес журналистика» кітабының редакторы және телавторы.

Жетістіктері

  • 2000 жылы ол «Сорос-Қазақстан» қорының «Баспасөз және миграция» номинациясы бойынша жүлделі орнына ие болды.
  • 2003 жылы Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың, 2004 жылы Білім және ғылым министрлігінің Қазақстан ғылымын дамытуға қосқан үлесі үшін «Алғысымен» марапатталады.
  • 2010 жылы Қазақстан халқы ассамблеясының грантына, 2011 жылы "Даму" қоры ұйымдастырған "Үздік экономикалық мақалалар" конкурсының жеңімпазы.
  • 2011 жылы "Нұр Отан" партиясының жыл сайынғы дәстүрлі "Нұр Сұңқар" сыйлығының иегері.
  • 2013 жылы Сорос Қазақстан қорының "Анна Александрова" атындағы грантының иегері.
  • 2016 жылы «Қазақстан халқы ассамблеясының 20 жылдығы» медалімен марапатталған.
  • 2018 жылы Ақпарат саласының үздігі.
  • 2018 жылы "Болашақ" бағдарламасының стипендиаты.

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер жетіспейдіҮлгі:Дереккөздер