Ермек Әбілмәжінұлы Келемсейіт

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Үлгі:Мемлекеттік қайраткер Ермек Әбілмәжінұлы Келемсейіт (22 сәуір 1952, Панфилов ауданы, Алматы облысы, Қазақ КСР) — қазақстандық қоғам қайраткері, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің І және ІІ сайланымдарының депутаты (1995-2004).

Өмірбаяны

1952 жылы 22 сәуірде Алматы облысы, Панфилов ауданы, Айдарлы ауылында дүниеге келді.

1969 жылы Панфилов ауданы, Қоңырөлең ауылындағы орта мектепті бітірді.

1982 жылы Қазақ ауыл шаруашылығы институтын «Ауыл шаруашылығын механикаландыру» мамандығы бойынша, 1998 жылы Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетін «Құқықтану» мамандығы бойынша бітірді.

2006 жылы Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінде орман шаруашылығы бакалавры біліктілігі мен академиялық дәрежесін алды.

Еңбек жолын 1972 жылы Талдықорған облысы, Кербұлақ ауданы, Басши ауылында Калинин атындағы орта мектепте жүргізуші болып бастаған.

1971-1988 жылдары — кеңшар жүргізушісі, кеңшар гаражының меңгерушісі, Панфилов ауданы, «Октябрь» кеңшарының бас инженері, партия комитетінің хатшысы.

1988-1995 жылдары — Ленин атындағы кеңшардың директоры.

1995-2004 жылдары — Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің І және ІІ сайланымдар депутаты<ref>Үлгі:Cite web</ref>.

2004-2005 жылдары — Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман және аңшылық шаруашылығы комитетінің төрағасы.

2005-2012 жылдары — Алматы облысы Панфилов ауданының әкімі<ref>Үлгі:Cite web</ref>.

2012 жылдың маусым-қазан айлары аралығында — Алматы облысы әкімінің кеңесшісі.

2012 жылдың 14 қарашасынан 2016 жылға дейін — Алматы облыстық мәслихатының V шақырылым депутаты және хатшысы.

2016 жылдан бастап Алматы облысы ардагерлер кеңесінің төрағасы.

Марапаттары

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер