Ермек Бекмұратұлы Бекмұратов
Ермек Бекмұратұлы Бекмұратов (1942 жылы туған, Оңтүстік Қазақстан облысы Отырар ауданы Бөген ауылы) – медицина ғылым докторы (1988), профессор (1991), Алматы мемлекеттік медицина институтын бітірген (1968, қазіргі Қазақ ұлттық мед. ун-ті). 1968–1970 ж. Отырар ауданы ауруханасының дәрігер-рентгенологы, 1970–1973 ж. аспирант, 1973–1976 ж. Қазақ онкология және радиология ғыл.-зерт. ин-тында кіші, аға ғыл. қызметкер, 1976–1982 ж.ҚР Денсаулық сақтау министрлігі 4-Бас басқармасының Орт. ауруханасында рентгенорадиология бөлімінің меңгерушісі, 1983–1991 ж. Қазақ туберкулез ғыл.-зерт. ин-тында аға ғыл. қызметкер, рентген-радиоизоляциялық диагностика бөлімінің меңгерушісі, 1991–1997 ж. Халықар. қазақ-түрік ун-тінде мед. ф-тінің деканы, 1997 жылдан оқу және ғыл. жұмыстар жөніндегі проректоры. Бекмұратовтың 104 еңбегі, 2 монографиясы бар.<ref name=source1>Қазақ энциклопедиясы</ref><ref>Отырар. Энциклопедия. – Алматы.«Арыс» баспасы, 2005 ISBN 9965-17-272-2</ref>
Дереккөздер</span>
<references/>