Ерлан Балапанов
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Үлгі:Ғалым Ерлан Балапанов (1974 жылы Алматыда туған) — қазақстандық ғалым, экономика ғылымдарының кандидаты.
Білімі
- Қазақ мемлекеттік басқару академиясын (1995)
- «Әділет» Жоғары құқық мектебін (2000) бітірген.
Еңбек жолы
- 1995 жылы — Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Бас салық инспекциясында салық салу бөлімінің маманы, аға салық инспекторы.
- 1996 жылы — Қазақстан Республикасы Мемлекеттік салық комитеті төрағасының көмекшісі.
- 1997 жылы — Қазақстан Республикасы Салық полициясы органдарында қызмет.
- 1998 жылы — Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кірістер министрлігі инспекторлық жұмысты үйлесімдеу департаментінің директоры.
- 1999-2002 жылдары — Алматы қаласы Медеу ауданы салық комитеті төрағасының міндетін атқарушы, төрағасы.
- 2002-2004 жылдары — «Price Waterhouse Coopers» салық және құқықтық қызмет көрсету бөлімінің менеджері.
- 2004 жылы — «ATG» компаниясының вице-президенті.
- 2004 жылдан — «ҚазМұнайГаз-Консалтинг» АҚ қаржы-экономикалық консалтингі бойынша атқарушы директоры.
Ғылыми және заңгерлік еңбектері
- 10-нан астам ғылыми басылымдардың авторы.
- Заңдылық актілерді, солардың ішінде Қазақстан Республикасының «Салықтар және де басқа бюджетке төленетін міндетті төленімдер туралы» кодексін, Қазақстанның кеден кодексін және тағы басқаларын жасауға қатысқан.
Марапаттары
- «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл» медалымен марапатталған.<ref>Қазақстанның мұнай энциклопедиясы. 2 томдық, Алматы: "Мұнайшы" Қоғамдық қоры, 2005. ISBN 9965-9765-1-1</ref>