Дөкей

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

ДӨКЕЙ – ортағасырлық қала орны. Меркі ауданы, Сұрат а-нан 4 км оңтүстікте. 1988 ж. ҚазМУ-дің (қазіргі әл-Фараби атынд. Қазақ Ұлттық ун-ті) археол. экспедициясы (жетек. М.Е. Елеуов). Қалашықтың қазіргі орны әлемнің төрт бұрышына бағытталған көл. 45х45 м шаршы төбешік. Ол ені 5 м, биікт. 0,3 – 0,8 м дуалмен қоршалған. Оның кейбір жерлері ені 1 – 1,5 м, биікт. 0,2 – 0,3 м тастан қаланған. Қалашықтың оңт-тен шығатын қақпасының бат. жағында мұнара орны сақталған. Шығатын жерден шығысқа қарай 20 м аралықтан көл. 1×1 м тікқазба (шурф) түсірілген. Одан сырсыз жасалған құман, табақ, құмыра,көзе, т.б. тұрмыстық-шаруашылық ыдыстар сынықтары табылған. Алынған материалдарға қарағанда ДӨКЕЙді 10 – 12 ғ-ларда мекен еткен халық егін егіп, мал өсірумен шұғылданған.<ref>Қазақ Энциклопедиясы</ref>

Дереккөздер

<references/>

“Қазақ Энциклопедиясы”, 5-том

Үлгі:Wikify Үлгі:Суретсіз мақалаҮлгі:Stub