Джуди Гарленд
Джуди Гарленд (Үлгі:Lang-en, туған кезінде Фрэнсис Этель Гамм (Үлгі:Lang-en, 10 маусым 1922, Гранд-Рапидс, Миннесота, АҚШ – 22 маусым, 1969, Челси, Лондон, Англия, Ұлыбритания) — америкалық актриса және әнші. «Алтын глобус», «Грэмми», «Тони», «Оскар» жүлдесінің номинанты атанған. Лайза Миннелли және Лорен Лафт атты актрисалардың анасы.
Өмірбаяны
Фрэнсис Этель Гамм актерлердің отбасында дүниеге келген. Кішкентайынан өнермен айналыса бастайды. Екі жасында ең бірінші рет сахнаға шығып, апайларымен бірге «Jingle Bells» өлеңін айтады. 1934 жылы Чикагоның шығыс театрында апайларымен бірігіп өнерлерін көрсеткенде үлкен жетістіктерге жетеді. 17 жасында Джуди «Оз елінің сиқыршысы» фильмінің арқасында «Оскар» жүлдесінің иегері атанады. 1937 жылы «Thoroughbreds Don't Cry» фильмінде түседі. Кейін «Summer Stock», «A Star Is Born» және тағы да басқа фильмдерде түсіп, көптеген жүлделердің иесі атанады.
Жеке өмірі
1941 жылы 19 жасар гарленд 31 жастағы музыкант Дэвид Роуздың әйелі атанады. 1944 жылы ажырасады. 1945 жылы Винсент Миннелли атты режиссерге күйеуге шығады. Олардың Лайза атты қыздары дүниеге келеді. Алайда, 1951 жылы олардың жұптары ажырайды. 1952 жылы Джуди Сидни Лафт атты продюсердің әйелі атанады. Олардың екі баласы бар: Лорен және Джоуи. Кейін Гарленд тағы екі рет күйеуге шығады. 1969 жылы 22 маусымда Джуди Гарленд қайтыс болады.