Даңқ мемориалы (Алматы)

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Үлгі:Монумент Үлгі:Мағына Даңқ мемориалы – Алматы қаласындағы республикалық маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіші.

Орналасқан жері

Алматы қаласы, 28 гвардияшыл-панфиловшылар саябағында орналасқан және сәулет өнері мен мүсіндеудің үйлескені кешені балып табылады.

Орнатылған кезеңі, авторлары

Монумент 1975 жылы орнатылған. Сәулетшілері – Т.Қ. Бәсенов, Р.А. Сейдалин, мүсіншілері – А.В. Артемович, В.В. Андрюшенко.

Тарихи дерек және сипаты

Даңқ мемориалының салтанатты ашылуы 1975 жылы Ұлы Жеңістің 30-жылдық мерейтойына орай өткен. Саябақтың шығыс жағында ескерткіштің төрт бөлігіне арнайы орын бөлінген. Ескерткіштің төрт бөлігі: "Серт", "Даңқты таратушылар", "Ерлік" және "Мәңгілік алау", әрқайсысы өзіндік мағынаға ие, ал бірге олар Қазақстанның ХХ ғасырдағы тас пен қоладан жасалған ерлік жылнамасы секілді. Бірінші бөлік – "Серт" Қазақстандағы Кеңестік билікті орнатқан күрескерлердің ерлігі мен батырлығы туралы әңгімелейді.
Бұл бөлімді келесі бөлім де – "Даңқты таратушылар" қолдап тұрады. Ол батыр кернейші майдандас серіктеріне қарай эмоциялық көтеріліс пен күшті оптимистік көңіл-күй сыйласа, көрерменге де сондай көңіл-күй сыйлатындай. "Ерлік" – композицияның мағыналық ортасы болып табылады және 1941 жылы Қазақстанда құрылған панфиловшылар дивизиясының Мәскеуді қорғау кезіндегі бір сәтін көрсетеді.
"Мәңгілік алау" – барлық кешеннің жүрегі, ол 1975 жылы жағылып, сол кезден бері қала тұрғындары мен қонақтарының батырлар есімін еске алып, қастерлеуге келетін орны болып табылады.
Мәңгілік алаудың айналасында қара лабрадорит тастан жасалған 13 тіреу орнатылған, олардың әрқайсысында Ұлы Отан соғысының батыр-қалаларынан алып келінген топырақ бар.<ref>Қазақстанның тарихи-мәдени нысандарының және жаппай зиярат ету орындарының альбомы/ ; ҚР Мәдениет және спорт министрлігі, Қазақ ғылыми-зерттеу мәдениет институты ; [жоба авторы Т. Бекбергенов ; бас ред. А. Р. Хазбулатов]... – Астана : [б. ж.], 2018. - 495 б., суретті; . – Библиогр.: 490 б. . – 100 дана – ISBN 978-9961-23-485-9</ref>

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер