Гүлзипа Орынтайқызы Нұрғалиева

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Үлгі:Ғалым Гүлзипа Орынтайқызы Нұрғалиева — химия ғылымының докторы (2011).

Өмірбаяны, еңбек жолы

1965 жылы 1 қарашада қазіргі Жетісу облысы, Панфилов ауданы, Сарыбел ауылында туған.

ҚазМУ-ды (1988, қазіргі Қазақ ұлттық университеті), Химия ғылымдары институтының аспирантурасын (1998) бітірген.
Химия ғылымдары институтында аға лаборант, инженер, кіші ғылыми қызметкер, аға ғылыми қызметкер (1988-2008), 2008 жылдан жетекші ғылыми қызметкер.

Ғылыми бағыты, еңбектері

Негізгі ғылыми бағыты – минералды және органо-минералды тыңайтқыштар алудың химиясы мен технологиясы.
"Қоңыр көмір мен фосфоритті қайта өңдеу арқылы гуминді қосылыстар, тыңайтқыштар мен композициялық материалдарды алудың физикалық негіздерін жасау" тақырыбында докторлық диссертация қорғаған.
30-дан астам ғылыми еңбектің, 2 патенттің, 2 алдан ала патенттің, 2 инновациялық патенттің авторы.<ref>Қ 18 Қазақстан ғалымдары. Энциклопедиялық анықтамалық. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2013.2-том. – 616 бет. ISBN 978-601-7472-16-0.</ref>

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер

Сыртқы сілтемелер