Гүлжан Жаңабергенқызы Нақыпова

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Үлгі:Спортшы Гүлжан Жаңабергенқызы Нақыпова (1991 жылы 31 мамырда туған, Қызылорда) — қазақстандық спортшы, джиу-джитсудан спорт шебері.<ref>Үлгі:Cite web</ref>

Өмірбаяны

Сәулетші-жобалаушы Жаңаберген Нақыповтың және қаржыгер-қазынашы Шәрипа Нақыпованың отбасында туып өскен. 6 жасынан бастап би және музыкамен айналысты.<ref>Үлгі:Cite web</ref> Фортепиано классы бойынша яқталған білімі бар. Балалық шақтан бастап спортпен әуестенеді, бірақ джиу-джитсуға ересек жасында келді.<ref>Үлгі:Cite web</ref> 2017 жылдан бастап джиу-джитсу бойынша ҚР Ұлттық құрамасының құрамында Қазақстанды әлемдік аренада көрсете бастады.<ref>Үлгі:Cite web</ref>

Білімі

Қазақ-Американ университетін «Халықаралық қатынастар» мамандығы бойынша бітірген. Оқуды қызыл дипломға бітірді. Бакалавриат бағдарламасын бітіргеннен кейін Испанияға оқуға кетіп, бизнес және туризм саласындағы магистр дәрежесін алды.<ref>Үлгі:Cite web</ref>

Танымалдығы

2017 жылы Лос Анжелесте өткен әлем чемпионатынан кейін жанкүйерлерінің бірі Гүлжан туралы YouTube әлеуметтік желісіне "Джиу-джитсудегі ең тартымды қыз — Гүлжан Нақыпова" атты бейне жазба салды. Бейне жазбаны 1,5 млн-нан астам адам қарап шықты.<ref>Үлгі:Cite web</ref> Оның фотосуреттері мен әлеуметтік желілерден алынған бейнелері бүкіл ғаламтор желісінде таралды.<ref>Үлгі:Cite web</ref> Танымалдықтың екінші легін спортшы қыз 2018 жылы Индонезияның танымал қорғаушысы және шоумен, жанкүйері Hotman Paris Hutopea өзінің Instagram парақшасында спортшы қыздың өнеріне тамсанған пікірі туралы бейне жазбаның таралуы себепші болды.<ref>Үлгі:Cite web</ref> Осыдан кейін Гүлжан Индонезияда өте танымал болды және күн сайын Оңтүстік-шығыс Азиядағы өзінің жанкүйерлерінен жүздеген хаттар алып отырды.

Қоғамдық өмірі

2018 жылдың 24 қазанында Астана қаласы әкімдігінің жобасы аясында Гүлжан қатаң режимдегі колонияға барып, жүздеген бас бостандығынан айрылған азаматтар алдында сөз сөйледі.<ref>Үлгі:Cite web</ref>

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер