Гүлжан Бейсеқызы Бейсеева

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Үлгі:Ғалым Гүлжан Бейсеқызы Бейсеева — ауыл шаруашылығы ғылымының докторы (2010).

Өмірбаяны, еңбек жолы

1954 жылы Алматы облысы, Райымбек ауданы, Шалкөде ауылында туған.

Қазақ Қыздар педагогикалық институтын (1975, қазіргі Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті) бітірген. Қазақстан ҒА Топырақтану институтында ғылыми қызметкер, жетекші ғылыми қызметкер (1978–2009) болды. 2009 жылдан Қазақ топырақтану және агрохимия ғылыми-зерттеу институтының бөлім меңгерушісі.

Ғылыми еңбектері

Негізгі ғылыми бағыты – бүлінген жерлерді зерттеу, оларды рекультивациялау, биологиялық рекультивациялау жəне табиғи жолмен қалпына келу жағдайында техногендік бүлінген ландшафтарда бастапқы топырақ түзілу үрдісін зерттеу.

"Шығыс Қазақстандағы техногендік бүлінген жерлердің топырақ-өсімдік-су жүйесіндегі ауыр металдардың биогеохимиялық миграциясы мен аккумуляциясы" деген тақырыпта докторлық диссертация қорғаған.

180-нен астам ғылыми жарияланымның, оның ішінде 1 монографияның авторы.<ref>Қ 18 Қазақстан ғалымдары. Энциклопедиялық анықтамалық. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2012.1-том. – 616 бет. ISBN 9965-893-92-6.</ref>

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер