Гүлбақыт Жолдасбекқызы Меңлібекова

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Гүлбақыт Меңлібекова (23.10.1962 жылы туған, Маяқұм ауылы) - ғалым, педагогика ғылымдарының докторы (2002).

1979 жылы Қоғам орта мектебін, 1983 жылы І.Жансүгіров атындағы Талдықорған педагогикалық институтын, 1992 жылы АлМУ-нің аспирантурасын бітірген. 1983-2001 жылы Талдықорған педагогикалық институтында жауапты жұмыстар атқарған. 2001 жылдан Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде кафедра меңгерушісі, университет ректорының кеңесшісі.

50-ге жуық ғылыми еңбегі жарияланған.<ref>Отырар. Энциклопедия. – Алматы.«Арыс» баспасы, 2005 ISBN 9965-17-272-2</ref>

Дереккөздер

<references/>

Үлгі:Суретсіз мақала Үлгі:Stub