Гауһар
Гауһар (араб.) — түпкі мағынасы асыл тас болатын бұл сөз қазақтарда қыздар есімі ретінде кеңінен тараған.
Гауһар (франц. brilliant— жарқырауық) — алмастың табиғи кристалдарын әдемілеп қырлау нәтижесінде алынатын асыл тас.<ref>Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Қ 17 Геология/Жалпы редакциясын басқарған — түсіндірме сөздіктер топтамасын шығару жөніндегі ғылыми-баспа бағдарламасының ғылыми жетекшісі, педагогика ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты А.Қ.Құсайышов — Алматы: "Мектеп" баспасы" ЖАҚ , 2003. — 248 бет.
ӀSВN 5-7667-8188-1 ӀSВN 9965-16-512-2
</ref>
Қызықты деректер
18 ғ-да өмір сүрген қазақтың батыр қызы есімі - Гауһар. Қаракерей Қабанбайдың жан жары. Бәсентиін Малайсары батырдың қарындасы. Қабанбай батырмен бірге бірқатар шайқастарға қатысқан. “Қылышын қынапқа салмаған батыр” атанған. Ерлі-зайыпты қос батырдың тұла бойы тұңғышы — Назым қыз да батырлығымен көзге түскен<ref name="source1">Қазақ Энциклопедиясы</ref>
Дереккөздер
<references/>