Бәлек

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Бәлек - ат сауырына арқан, жіп тиіп қажамауын қамтамасыз ететін ұзындығы үш қарыстай жұмыр ағаш. Оның тең ортасына арқан байланып, сүйретілетін нысанаға бекітіледі, ал кертілген екі басынан бекітілген арқан ат мойнындағы қамытқа байланады. Сүйретпемен шөмеле тартқанда, қарағай сүйрегенде, ат арба, ат шананың шанағына (ақлобына) күш түспеуін қамтамасыз еткенде т.б. жағдайларда қолданылады.<ref> Қазақтың этнографиялық категориялар, ұғымдар мен атауларының дәстүрлі жүйесі. Энциклопедия. - Алматы: DPS, 2011. - ISBN 978-601-7026-17-2 </ref>

Дереккөздер

<references/>

Үлгі:Wikify Үлгі:Суретсіз мақала Үлгі:Stub