Бұзаутіс

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Бұзаутіс - өзегіне темір қосып өрген жуан қамшы. Жуан етіп тілінген таспалардан өрілген өрімі сыртынан қарағанда бұзаудың тісіне ұқсап тұратындықтан бұзаутіс қамшы аталған.

Соған сай сабы да ұзын, жуан болады. Халық арасында айтылатын «Алты таспа бұзаутіс, былжырамай аттан түс» деген тәмсіл аталмыш қамшының әлеуетті қару болғандығын аңғартады.<ref> Қазақтың этнографиялық категориялар, ұғымдар мен атауларының дәстүрлі жүйесі. Энциклопедия. - Алматы: DPS, 2011. - ISBN 978-601-7026-17-2 </ref>

Дереккөздер

<references/>

Үлгі:Wikify Үлгі:Суретсіз мақала Үлгі:Stub