Білім және мәдениет (телеарна)

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Үлгі:Телеарна

"Білім және Мәдениет" (Үлгі:Lang-ru) — қазақстандық мәдени-танымдық телеарна. Хабар агенттігі АҚ-на кірді. Алғашқыда "Білім" арнасы деп аталатын, бірақ кейін "Мәдениет" арнасымен ұштастырыла отырып "Білім және Мәдениет" арнасы деп аталды. Арна толқыны 2014 жылы қаңтарда Астанадағы «Қазмедиа орталығынан» таратыла бастады. Хабар қазақ және орыс тілдерінде таратылады. 2016 жылы 25 қазаннан бастап "Kazakh TV" телеарнасымен бірікті.

Тарихы

Арна 2012 жылы 5 қыркүйекте елордада Назарбаев Университеті Президенттің тікелей интерактивті дәрісінен таратыла басталды<ref>Н. Назарбаев бірінші қазақстадық танымдық «Білім» телеарнасын іске қосты Үлгі:Webarchive</ref>.

Тарату

OTAU TV тегін арналар пакетіне кіреді, сондай-ақ Қазақстан заңына сәйкес барлық кабельдік желілері арқылы тасымалданады.

Тікелей эфир желілері

Телеарна жас ұрпақтың білім беру және мәдениет деңгейін көтеру, халықтың адами ресурстарын дамыту үшін жасалған.

Арна басты мүмкіндіктері: қазақстандық және халықаралық ғалымдардың лекцияларын, танымал ғылыми бағдарламалар, білім беру туралы деректі сериялары, білім беру және мәдениеттегі барлық деңгейдегі бағдарламаларын тікелей эфирге шығарады.

Сондай-ақ, классикалық әдебиетін, отандық және әлем тарихын зерттеуге көмектескен, отандық және шетелдік фильмдер «алтын қорына» кірген көркем фильмдерде көрсетіледі.

Басшылары

  1. Бақыт Қайырбеков (2014-2015)
  2. Александр Аксютиц (2015-2016)

Сілтемелер

<references/>


Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер

Үлгі:Қазақстан телеарналары Үлгі:Хабар агенттігі