Боғжама (дорба)

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Боғжама - қыз жасауы салынатын үлкен дорба, түйеқанар тең. Ою-өрнек, шашақ салып, мақтадан яки жүннен өрмелеп тоқылады. Ұзатылған қызға жігіт жағынан келген қалыңмал мөлшеріне шамалас, кейде одан да асырылып берілетін төсек-орын, киім-кешек, ыдыс-аяқ, құрал-жабдық, қару-жарақ сияқты мүліктер осы боғжамаға салынады. Қыз жасауы мұнымен ғана шектелмейді, ақ отау, жүйрік ат, сойыс мал секілді сый кәделер де беріледі.

ҚР МОМ қорындағы боғжаманың ұзындығы 109 см, ені 32 см, биіктігі 47 см. Алаша тоқу тәсілімен қызыл, сары, ақ және сұр түске боялған жүннен иірілген жіппен термелене тоқылған бөліктерден құралған. Түбі ақ түсті талдырма киізден тігілген. Аузын байлап қоюға арналған ызба бау бар.<ref> Қазақтың этнографиялық категориялар, ұғымдар мен атауларының дәстүрлі жүйесі. Энциклопедия. - Алматы: DPS, 2011. - ISBN 978-601-7026-17-2 </ref>

Дереккөздер

<references/>

Үлгі:Wikify Үлгі:Суретсіз мақала Үлгі:Stub