Босағаға ілу

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Босағаға ілу - дәстүрлі некелік қатынастың қалыптасу барысында атқарылатын ғұрып - кәде атауы. Той тараған соң бір түннен кейін қалыңдық барар еліне аттанғанда, күйеудің жұрттың соңынан қалып, сәл аялдап, қайын атасының үйінің босағасына бір шапан іліп кететін салтын босағаға ілу деп атайды. Мұнда күйеу баланың «осы үйдің осы босағасынан қол үзбеймін», «мен де осы үйдің бір баласымын» деген ишараты бар. Ауқатты адамдар босағаға ілуге үрім-жұрағаты мол болып өссін деген ниетпен бие байлаған. Бұл ғұрып кейбір өңірлерде ілу деп қана аталады.<ref> Қазақтың этнографиялық категориялар, ұғымдар мен атауларының дәстүрлі жүйесі. Энциклопедия. - Алматы: DPS, 2011. - ISBN 978-601-7026-17-2 </ref>

Дереккөздер

<references/>

Үлгі:Wikify Үлгі:Суретсіз мақала Үлгі:Stub