Болат Сүлейменұлы Жанәділов
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Жанәділов Болат Сүлейменұлы (1940 жылы туған, Солтүстік Қазақстан облысы Сырымбет ауылы) – жоғары санатты дәрігер.
Қазақстан денсаулық сақтау ісінің үздігі.
- Қарағанды мемлекеттік медициналық институтын бітірген (1965).
- Көкшетау облысы ауруханасында анестезиолог-дәрігер, бөлім меңгерушісі, бас дәрігердің орынбасары, бас дәрігер (1965 – 92),
- Көкшетау облысы әкімінің орынбасары (1992 – 97),
- 1997 жылдан Ақмола облысы ауруханасы бас дәрігерінің орынбасары қызметтерін атқарған.
ҚазКСР Жоғарғы Кеңесінің депутаты. Көкшетау қаласылық медициналық қызмет ардагерлері кеңесінің төрағасы. Қазақстан халықтары кіші ассамблеясының мүшесі. Жанәділов Халықтар Достығы, «Құрмет» ордендері, медальдармен марапатталған.<ref name="Source 1">Қазақ Энциклопедиясы</ref>
Пайдаланылған cілтемелер
<references/>