Би буыны
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Би буыны - қыран құстардың жетім шапғысы мен топшысының арасын қосып тұрған буын. Ұшып-қону, аңға түсу кезінде оқыс қимылмен топшысын қатты ұрып алып, би буын шығып кетсе, жетім шалғы салбырап бос қалады.<ref> Қазақтың этнографиялық категориялар, ұғымдар мен атауларының дәстүрлі жүйесі. Энциклопедия. - Алматы: DPS, 2011. - ISBN 978-601-7026-17-2 </ref>
Дереккөздер
<references/>