Бетке салық, сүйекке таңба
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Бетке салық, сүйекке таңба - салтқа, жөн-жосыққа қатысты императивті этикалық нормалардың бұзылуымен байланысты тұтас бір әулеттің, тіпті рудың ар-намысына дақ түсіретін жағымсыз әрекеттің атауы. Ел ішінде қатаң сақталатын дәстүрді аттаған адамның жүзі қара есептелгендіктен ортадан аластаған белгісі ретінде етегін кесіп, елден қуу, бас құйқасын маңдайдан желкеге, оң самайдан сол самайға қарай қасқалап тілу (қасқалдақтау) сияқты әртүрлі масқаралау әрекеттері жасалған.<ref> Қазақтың этнографиялық категориялар, ұғымдар мен атауларының дәстүрлі жүйесі. Энциклопедия. - Алматы: DPS, 2011. - ISBN 978-601-7026-17-2 </ref>
Дереккөздер
<references/>