Бек Әнуарбекұлы Ыбыраев
Үлгі:Тұлға Бек Әнуарбекұлы Ыбыраев (2.5. 1947 жылы туған, Қызылорда қаласы) — сәулетші, өнертанушы. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері (1996). Қазақ техникалық университетінің архитектура факультетін және аспирантурасын (1977) бітірген. 1970 - 74 жылдары осында оқытушы, 1978 - 86 жылдары Қазақстан ғылым академиясының Философия және құқық институтында кіші ғылым қызметкер, 1987 - 90 жылдары Әдебиет және өнер институтында ғылыми қызметкер, 1990 жылдан «Елдана» жобалау бюросында археолог болып қызмет атқарады. Оның сәулет өнері саласындағы еңбектері: Қорқыт ата ескерткіші (1980, Қызылорда облысы), Ш.Уәлихановтың мемориалды кешені (1985, бұрынғы Талдықорған облысы), Қабанбай батыр (1990) және Абай кесенесі (1995, Шығыс Қазақстан облысы), Райымбек батыр кесенесі (1992, Алматы қаласы; бәрі де басқа авторлармен бірге) т.б.<ref>Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8</ref>
Дереккөздер
<references/> Үлгі:Stub: Қазақ мәдениеті Үлгі:Wikify