Бейіт жаңғырту

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Бейіт жаңғырту - құлаған бейіт үстіне мазар, кесене, там, төртқұлақты салу немесе қалпына келтіру, жаңғырту. Дәстүрлі ортада бейіт жаңғырту ісіне кіріспес бұрын құрбандық шалынып, Құран бағышталып, тиісті ғұрыптық шаралар атқарылады. Атақ-даңқы шыққан адамдардың ғана бейіті жаңғыртылып, көп реттерде аруаққа қозғау салынып, қайта тергеледі деген түсінікпен қарапайым адамдарға бейіт жаңғыртуға жол бере бермеген.<ref> Қазақтың этнографиялық категориялар, ұғымдар мен атауларының дәстүрлі жүйесі. Энциклопедия. - Алматы: DPS, 2011. - ISBN 978-601-7026-17-2 </ref>

Дереккөздер

<references/>

Үлгі:Wikify Үлгі:Суретсіз мақала Үлгі:Stub