Бақыткерей Ысқақов

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Бақыткерей Ысқақов (9.5.1945 жылы туған, Қостанай облысы Арқалық ауданы Қайыңды ауылы — 2010 жылы қайтыс болған) - ақын, аудармашы.

1968 жылға дейін Амангелді, Арқалық аудандарында жүргізуші болып еңбек еткен. Қазақ Ұлттық педагогикалық университетін бітірген (1972)

1972 - 1975 жылдары Жазушылар одағында көркем әдебиетті насихаттау бюросының нүсқаушысы,

1975 - 76 жылдары Баспа комитетінде аға редактор,

1976 жылы "Жалын" баспасында редактор болып қызмет істеген.

Амангелді ауданының құрметті азаматы (1995).

Шығармалары

Алғашқы өлеңдері 1975 жылы "Көктем тынысы" жинағына енген. Татар ақыны М.Хүсайыновтың "Сүйемін сені", моңғол ақыны Ж.Дашдондогтың "Күншуақ" өлең кітаптарын қазақ тіліне аударған. Өлеңдері орыс, татар, қырғыз, үйғыр тілдеріне аударылған.

  • Ғашық жүрек. Өлеңдер. А., 1977;
  • Тәкаппар таулар. Өлеңдер мен поэма. А., 1979;
  • Маржан тұма. Өлеңдер. А., 1982;
  • Шыршалы шың. Өлеңдер мен поэма. А., 1982;
  • Жол айырығы. Өлеңдер. А., 1985;
  • Найзағай жарқылы. Өлеңдер. А., 1986;
  • Бұлттар таудан тарайды. Өлеңдер. А., 1989;
  • Бұлттағы бұлақ. Өлеңдер, балладалар. А., 1992;
  • Той төбе. Өлеңдер мен поэма. А., 1996;
  • Бес тас. Өлеңдер. А., 1993;
  • Разбег. Стихи. А., 1986;
  • Горная высь. Стихи. А., 1988;
  • Жүрегім жұлдыздар ұясы. ACT., 2004;
  • Өміршең өнер өзегі. Act., 2004.<ref>Қазақ әдебиеті. Энциклопедиялық анықтамалық. - Алматы: «Аруна Ltd.» ЖШС, 2010.ISBN 9965-26-096-6</ref>

Дереккөздер

<references/> Үлгі:Stub: Қазақ әдебиеті Үлгі:Wikify