Бақытжан Бұқарбай
Бақытжан Бұқарбай (27 наурыз 1987) — баспагер, жазушы, саясаттанушы, суретші AmalBooks баспасының негізін қалаушы.<ref>https://www.zakon.kz/redaktsiia-zakonkz/4873365-kandidat-proekta-100-novyh-lits.html</ref> Қазақ әдебиетіне нон-фикшн жанрын әкелген қаламгер.
Өмірбаяны
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін «саясаттану» мамандығы бойынша тәмамдаған (2009), сол жерден әлеуметтік ғылымдар магистрі дәрежесін алған (2011).
2009 жылы «Қазақстан кәсіпкерлері қауымдастығы» вице-президентінің көмекшісі болды.
2009–2011 жылдар аралығында «Хабар» агенттігінде бейнематериалдар бойынша редактор және интернет жобалар редакциясының редакторы қызметтерін атқарған.
2009–2010 жылдар аралығында Vox Populi журналының шолушысы болды.
2011–2012 жылдар аралығында Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтында ғылыми қызметкер болды. Сол жерде 2012–2013 жылдары әлеуметтік-саяси зерттеулер бөлімінің меңгерушісі, 2013–2014 жылдары аға ғылыми қызметкер қызметін атқардыі.
2014 жылы «Оңтүстік Астана» телерадио компаниясы» АҚ арнайы жобалар редакциясының әлеуметтік жобалар редакторы.
2015 жылы – Ақтау қаласы әкімінің штаттан тыс кеңесшісі. Алматы қаласы «Ақпарат және талдау орталығы» ШЖҚ КМК әлеуметтанулық зерттеулер бөлімінің меңгерушісі.
2020–2023 жылдар аралығында Forbes Kazakhstan журналының қазақша нұсқасының тұңғыш бас редакторы.<ref>https://mail.kz/kz/news/economic/bakytzhan-bukarbai-forbes-tin-kazaksha-nuskasynyn-bas-redaktory-boldy</ref>
Қазақ тілін дамытуға бағытталған жобалардың авторы. Солардың ішінде өзіндік оқыту әдістемесі қалыптасқан BAS QOSU жобасы (2014–2018) шеңберінде мыңнан астам адам қазақ тілін үйреніп шықты. Жобаға қазақ тілін үйренуге оннан астам елдің азаматтары қатысты.<ref>https://kstnews.kz/newspaper/16795/</ref>
2016 жылдан бері AmalBooks баспасының негізін қалаушысы және жетекшісі.<ref>https://aikyn.kz/265407/bak-ytzhan-bu-k-arbay--amalbooks-baspasynyn--negizin-k-alaushy--baspager--avtor-k-azak-tyn--u-k-yptylyg-yna-suysinipti</ref><ref>https://www.marwin.kz/izdatelstvo/amalbooks/</ref>
Шығармашылығы
Бақытжан Бұқарбай бірнеше кітаптың авторы:
- «Алматы сегодня» (2010);
- «Қарулы қақтығыстардағы ақпараттық технологиялар: әлемдік тәжірибе және келешегі» (2012);
- «Қазақстан-2050» терминологиялық анықтамалығы (2014);
- «Күміс кітап» (2016) – қазақ тілінде нон-фикшн жанрында жазылған алғашқы туынды;<ref>https://massaget.kz/zhaaly/kums-ktap-jaryikka-shyiktyi-43234/</ref>
- «Настольная книга казахского бизнесмена» (2018);
- «Күнкөрістен кет, байлыққа жет!» (2018);<ref>https://egemen.kz/article/344469-korkem-adebiette-tunyq-tarbie-dgatyr</ref>
- «Prezident» (2020);
- «Қарызсыз қазақ» (2020);<ref>https://ruh.kz/qaryzsyz-qazaq-en-kop-satylgan-5-kitap_15848/</ref>
- «Бір жылда қалай баспаналы болдым?» (2022);<ref>https://almaty.tv/kz/news/obschestvo/1624-bir-dgylda-kalay-baspanaly-boldym-almatyda-bakytdgan-bukarbaydyn-kitaby-dgaryk-kordi</ref>
- «Марғұлан. Бизнес пен өмір туралы» (2023).<ref>https://informburo.kz/kaz/tanym/bai-ari-baqytty-bolgynyz-kele-me-biznes-turaly-qazaqsa-uzdik-kitaptar</ref>
Суретші ретінде екі жеке көрмесін өткізді:
- «Өмір шеңбері» тұңғыш жеке көрмесі, Алматы, 2014;
- Шұбаркөл көмір кен орнының отыз жылдығына арналған графика жұмыстарының көрмесі, Астана, Алматы, Шымкент, 2015.
Марапаттары
Журналистерге тағайындалатын «Нұр Сұңқар» республикалық сыйлығының (2013), баспа, радио, интернет-журналистика саласындағы жетістіктері үшін берілетін қазақстандық Ұлттық «URKER» сыйлығының (2021) лауреаты. Қазақстан Республикасы президентінің атынан алғыс хат (2012, 2022) алған.
ҚСЗИ 25 жылдығына орай мерекелік медалімен (2018), қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлікті нығайтуға қосқан үлесі үшін Қазақстан халық ассамблеясының «Мейірім» медалімен және «Халық алғысы» медалімен (екеуі де 2020 жылы) марапатталған. «Ерен еңбегі үшін» медалімен наградталған (2026).
Жеке тұлғасы
Қазақ, орыс және ағылшын тілдерін меңгерген. Үйленген, екі қыз тәрбиелеп отыр.
Хоббиі – эррористика, қолтаңба қойылған кітаптар мен автографтар коллекциясын жинау. Ғылыми қызығушылығы – креативті индустриялар.
Баспасынан шыққан кейбір кітаптары даулы болып, қоғамда пікірталас тудырды.<ref>https://informburo.kz/kaz/kogam/baqytzan-buqarbai-tarixtagy-ashhy-satterdi-qabyldagyn-kelmeui-olar-bolmady-degen-soz-emes</ref>
Дереккөздер
<references />