Бақатам кесенесі
Үлгі:Ғимарат Бақатам кесенесі – Республикалық маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізіміне енген ХIX ғасыр сәулет ескерткіші.
Орналасқан жері
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Сарыбұлақ ауылынан батысқа қарай 75 км жерде, Қуаңдарияның сол жағалауындағы жайдақ төбенің ең биік жерінде, қам кесектен тұрғызылған екі мемориалдық қоршау мен шайылып кеткен қабір үсті ескерткіштерінің қалдығынан тұратын қорымның шығыс бөлігінде орналасқан.
Кесене сипаты
Кесене тікбұрышты күйдірілген кірпіштерден қаланған, бетше босағалы-күмбезді, кіреберіс бөлігі нығайтылған.
Жоспарында шаршы пішінді болып келген негіз цилиндр іспетті күмбез асты барабанда тұрған іші қуыс парабола кескінді күмбезбен жабылған. Кесененің артқы бұрыштары жоспарында дөңгелек төрттің үшіндей мұнарашалармен аяқталған. Кіреберіс бөлік тар дәлізбен айқындалады, оның көлбеу осі бөлменің қиғаш осіне сай келеді, сол себепті кесененің кіреберіс ойысы бүйірлік (оңтүстік-шығыс) қасбетінде орналасқан. Ескерткіштің оңтүстік-батыс қасбеті бетше босаға пішінде шешімін тапқан.
Камераның шаршы пішінді негізінен күмбез шеңберіне өту қаландылардан шығарылған бұрыштық парустар арқылы іске асырылған. Оның ұзына бойы және көлденең осьтерінде шаршы пішінді төрт ойық бар. Кіреберіс камераның кеңістігі жалған күмбезшемен жабылған. Кіреберіске қарама-қарсы жақта тар терезе ойығы орналасқан. Камерадан бүйірлік қабырғаларды бес-бестен жағалай орналасқан он қабір үсті ескерткіші бар.
Ескерткішіті 1985 жылы "Қазжобақалпынакелтіру" институтының экспедициясы зерттеген.<ref>Қ 18 Қазақстан Республикасының тарихи және мәдени ескерткіштерінің жинағы. Қызылорда облысы. – Алматы: Аруна, 2011. – 504 б. ISBN 9965-26-382-5</ref>
Дереккөздер
Үлгі:Қызылорда облысындағы республикалық маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштері