Басы қара каналы
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Басықара (Басықара) каналы - Қызылорда облысы Қазалы ауданындағы канал. 1928 жылы салынған. Ұзындығы 48 км, ені 5 – 6 м. Каналдың су өткізу мөлшері 11,68 м³/с. Сырдария өзінен бастау алып, бірнеше тармаққа бөлінеді (ең үлкені – Тасарық 6,3 м³/с). Канал суымен Қазалы, Арал аудандарының егістік және жайылымдық жерлері суландырылады.
<ref name="source1">"Қазақ Энциклопедиясы"</ref>
Дереккөздер
<references/>