Баб Араб мешіті
Үлгі:Ғимарат Баб Араб мешіті — Республикалық маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізіміне енген сәулет өнері ескерткіші. «Әзірет Сұлтан» Ұлттық тарихи-мәдени музей-қорығы қорғау аймағында орналасқан діни-ғибадаттық нысан. Мешіт ХІХ ғасырда салынған деп есептеледі және археологиялық деректерге сүйене отырып 2015–2018 жылдары қайта қалпына келтірілген.
Тарихы
2009 жылғы теодолиттік түсірілімдер мен 2011 жылғы Жеті Ата қақпасы аумағындағы археологиялық зерттеулер барысында мешіттің күйдірілген кірпіштен қаланған қабырғалары мен төртбұрышты кірпіштен төселген еден бөліктері анықталды. Зерттеу нәтижелері мешіттің бірнеше рет жөндеуден өткенін көрсетті: едені үш рет қайта төселген, соңғы рет — 1908 жылы. 2017 жылы Түркістан қаласы аумағында жобалау жұмыстары басталып, 2018 жылы Баб Араб кесенесі көтеріліп, толық реконструкцияланды<ref name=":0">«Әзірет Сұлтан» Ұлттық тарихи-мәдени музей-қорығына қарасты тарихи-мәдени ескерткіштер»: жинақ / «Service Press» баспасы, 184 б. Алматы 2025 ж. 154 бет. - ISBN 978-601-7316-24-2</ref>.
Зерттеуші О. Дастановтың деректерінде Баб Араб есімі Түркістаннан Меккеге барған бір кісінің керемет оқиғасымен байланыстырылады. Аңыз бойынша, ол адам қасиетті жерде пайғамбар қабірінің қасында жылап жүргенінде тылсым адамды кездестіреді. Жұма намазынан кейін ағашқа байланатын қара аттың иесі оның тілегін орындай алады деп айтылады. Жолаушы ат иесінің көмегімен бір сәтте Түркістанға жеткізіледі. Ат иесі өзін «Баб Араб» деп таныстырып, ғайып болады. Осы оқиғаға байланысты сол жерге күмбез тұрғызылған делінеді<ref name=":0" />.
Орналасуы
Баб Араб мешіті Жеті Ата қақпасының оңтүстік-шығыс бетінде, Баба Ғаріп және Үндемес ата кесенелеріне жақын, Қақпаның сыртындағы ор үстінде орналасқан Бабырат ата көпірімен байланысты. «Баба Ғаріп» және «Бабырат ата» топонимдері Баб Араб атауының өзгерген нұсқалары болып есептеледі<ref name=":0" />.
Археологиялық зерттеулер
2011 жылғы қазба барысында:
- мешіт қабырғалары — күйдірілген кірпіштен қаланған;
- қабырға өлшемі — 6×6 м;
- қыш төселген еденнің 4,6×3 м фрагменті табылған;
- кірпіш өлшемдері — 28×28×5 см;
- еден үш рет қайта төселген, соңғысы — 1908 жыл.
1930-жылдары мешіт бұзылып, аула аумағына жерлеулер жүргізілген. 2009–2011 жылдардағы зерттеу жұмыстары негізінде 2015–2018 жылдары мешіт пен кесене толық реставрациядан өтті. Мешіттің тарихи құрылымын сақтау мақсатында іргетасы көтеріліп, ХІХ ғасырлық сәулет мәнері қайта жаңғыртылды<ref name=":0" />.
Қызылорда қаласында тұратын ұрпағы Өтеген Ысқақұлы Жолдыбаевтың «Насабнама» шежіресінде Баб Арабтың шын есімі — Сабыр Мәлік деп көрсетілген. «Баба Араб» және «Баба Ғаріп» есімдері — оның қосалқы атаулары, арабша «нисба» ретінде түсіндіріледі. А.И. Добромыслов Баб Арабты Ахмет Ясауидің шәкірті ретінде атап, 1908 жылы мешітті қайта салдырған Атахан қожа Асқар Қожыновпен байланыстырады<ref name=":0" />.
Дереккөздер
Үлгі:Түркістан облысындағы республикалық маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштері