Аңшы

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Аңшы — аң аулауды кәсіп еткен адам.<ref> Қазақтың этнографиялық категориялар, ұғымдар мен атауларының дәстүрлі жүйесі. Энциклопедия. - Алматы: DPS, 2011. - ISBN 978-601-7026-17-2 </ref> Оны құсбегі, бапкер деп те атайды. Қазақ аңшылыққа: “Бүркітші үстіңді бүтіндейді, қыбыңды қандырады, қақпаншы қарныңды тойғызады, тұзақшы аш қалдырмайды...” деп тіршіліктің бір тұтқасы ретінде қараған. Кейде аңға көңіл көтеру үшін де шығады. Ит жүгіртіп, құс салу серілік салтанат деп саналған. Қазақ ішіндегі А-лар қолданған құралы, істеген амалына қарай былайша жіктеледі:

  1. Саятшы — аңға қан сонарда шығады. Қыран бүркіт, ұшқыр тазы, түзу мылтық пайдаланады. Бұзау тіс қамшы, сойыл да ұстайды.
  2. Мерген — садақпен, мылтықпен аң атады. Аю, қасқыр, бұғы, марал, арқар, елік, таутеке, қарақұйрық т.б. аң алады.
  3. Қақпаншы — аңды қақпанмен аулайды. Түлкі, қасқыр, суыр секілді аңдардың ініне, жүретін жолына қақпан құрады.
  4. Моршытүлкі, күзен секілді аңдардың ініне түтін салып, іннен шыға қашқанда ұстайды.

Дереккөздер

<references/>

Үлгі:Wikify Үлгі:Stub Үлгі:Суретсіз мақала