Ақмыш

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Ақмыш – Орталық Қаратаудың солтүстігіндегі бұлақ.<ref>Қазақ энциклопедиясы, ҚР табиғаты</ref>Маңғыстау облысы Түпқараған ауданы жерінде. Қалың ши өскен жыраны бойлай ағып жатыр. Бұлақты жиектей ағаш егілген. Төменгі жағынан тоған жасалған. Ақмышта 1920 ж. уездік қаржы бөлімінің бастығы Хажы Оңғалбаевтың басшылығымен балалар үйі ашылған. Кейіннен ол Қаңғаға көшірілді. Ақмыш қазіргі саяхатшылар демалатын аялдама.

Атаудың сөзжасамдық сипаты

Атау ақ (етістік) және –мыш жұрнағы арқылы жасалған. С.Қондыбай –мыш тұлғасын оғыз тіліндегі «бұлақ» деген сөз деп қарастырады.<ref>Үлгі:Кітап</ref> Топоним құрамындағы -мышесімшенің көне жұрнағы. М.Томанов «-мыш – Орхон Енисей жазбалары тілінде, сондай-ақ кейінгі орта ғасыр жазбаларында да есімшенің өткен шағын жасаған аффикс: қалмыш (қалған), тегміш (түйіскен), қазіргі біздің тіліміздегі –ған аффиксінің қызметін атқарған», – деп көрсетеді.<ref>Үлгі:Кітап</ref> Демек, Ақмыш «аққан бұлақ» деген мағынаны білдіреді.<ref>Үлгі:Кітап</ref>

Дереккөздер

<references/>

Үлгі:Суретсіз мақала

Үлгі:WikifyҮлгі:Stub