Ашхабад

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Үлгі:Елді мекен Ашхабад (Үлгі:Lang-tk) — Түрікменстандағы қала, 1924 жылдың қазанынан бастап елдің елордасы. Көпеттау тауының етегінде орналасқан, халық саны — 941 221 адам.

"Ақ мәрмәрлы елорда" — түрікмендер өз елордаларын осылай дәріптейді. Копетдақ тауының етегіндегі Ахал алқабы мен Қарақұм шөлінің шетінде, теңіз деңгейінен 214-240 м биіктікте орналасқан.

Атауы

Ашхабад деген атау арабтың "ъәшқ" (Үлгі:Lang-arмахаббат) және парсының "абад" (Үлгі:Lang-faмекен) деген сөздерінен шықты.

Тарихы

Сурет:Aşgabat 1901.jpg
Ашхабад вокзалы, 1901 жыл

Ашхабад ежелгі дәуірлерде қаланың орнында шағын елді мекен болған. Ұлы Жібек жолының бойында тұрғандықтан ертеден маңызды қоныс болып саналған. Қаланы М.Д.Скобелев басқарған Ахалтеке жорығы кезінде орыс отарлаушылары басып алып (1881 жылы 18 қаңтар), әскери бекініске айналдырды. 1885 жылы Түрікменстан аймағында құрылған Ресейдің әкімшілік бөлігі — Каспий облысының орталығы болды. 1885 жылы Ғашықабат—Каспий және 1899 жылы Ғашықабат—Ташкент темір жол желісі салынуы нәтижесінде Ғашықабат Орта Азиядағы ірі сауда орталықтарының біріне айналды. 1919 жылы 9 шілдеде Түркістан АКСР-інің орталығы болды. 1919-1927 жылдары қала ақ гвардияшылармен шайқаста қаза тапқан Түркістан АКСР-інің Еңбек комиссары П.Г.Полторацкийдің есімімен "Полторацк" деп аталды. 1927 жылы тарихи-ұлттық атауы қайта берілді.

1920-1980 жылдары қала Түрікменстандағы ең ірі өнеркәсіп орталығына айналып, өндіріс орындар шығаратын өнімдері 1913 жылғы көрсеткіштермен салыстырғанда 100-ге жуық пайызға артты. Металл өңдеу және машина жасау, электротехникалық, құрылыс материалдарын шығару, шыны жасау, мата тоқу, тамақ өнеркәсібі орындары, электростанциялары салынды. Әсіресе, қаладағы кілем тоқу кәсіпорындарының бұйымдары дүние жүзіне белгілі. 1969 жылы Байрамәли—Ғашықабат—Безмеин газ құбыры іске қосылды. Ғашықабат бірнеше рет зілзаланы бастан кешті (1893, 1895, 1929). 1948 жылы 6 қазанда болған зілзаладан түгелдей қираған қала қайта салынды. 1950-1960 жылдары заманауи сәулет өнерін шығыстық әсем әдіспен ұштастырған Үкімет үйі, көпшілік кітапхана бой көтерді. Ғашықабат — Республиканың мәдени және ғылыми орталықтарының бірі. Мұнда жалпы және арнаулы орта білім беретін мектептер, жоғары оқу орындар, Ғылым Академиясының ғылыми-зерттеу мекемелері бар. Мақтымұлы атындағы опера және балет театры, драма, қуыршақ театрлары, мұражайлар, газет-журнал редакциялары жұмыс істейді<ref>«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, I том</ref><ref>Қазіргі дүние географиясы: Хрестоматия. Жалпы білім беретін мектептің қоғамдық-гуманитарлық бағытындағы 11-сыныбына арналған оқу құралы. / Қ. Ахметов, Т. Увалиев, Г. Түсіпбекова. - Алматы: "Мектеп" баспасы, 2007. ISBN 9965-36-216-5</ref>.

Климаты

  • Жылдық орташа мөлшер температурасы — +16,7C°.
  • Жел жылдық орташа мөлшер жылдамдығы — 1,6 м/с.
  • Ауа жылдық орташа мөлшер дымқылдығы — 56%.

Көрікті жерлері

Ашхабад — бай және алуан түрлі сәулет өнеріне ие қала, оны көбінесе «Ақ қала» деп атайды, себебі оның ғимараттарының көпшілігі ақ мәрмәрмен қапталған. Ашхабадтың негізгі көрікті жерлеріне төрт мұнарасы мен үлкен алтын күмбезі бар Ертугрул Газы мешіті, Александр Невский православие шіркеуі, аркас, Президент сарайы, Мемлекеттік кітапхана мен Парламент ғимараттары кіреді. Жексенбілік базар — өзіндік әшекейлері бар типтік шығыс базары, Түрікменстан бейнелеу өнері мұражайы, кілем мұражайы және Ашхабад циркі баруға тұрарлық.

Ашхабад аймағы археологиялық орындарымен ерекше қызықты. Қаланың жанында, батысында, Митридат I патша негізін қалаған қуатты Парфия империясының астанасы Нисаның ежелгі қирандылары орналасқан. Бұлар ЮНЕСКО-ның Дүниежүзілік мұра тізіміне енгізілген. Мұнда келушілер екі ежелгі бекіністің қирандыларын, патша резиденциясындағы сақталған кабинетті, сарай залдарын, патша қазынасын және Арсакид әулетінің ғибадатханалары мен мазарларын аралай алады. Шығыста, ортағасырлық қаланың қирандыларының арасында ежелгі Аннау бекінісі мен ежелгі мешіт орналасқан. Түркіменстанның бай табиғи әртүрлілігінің ішінде елдің әртүрлі аймақтарында он төрт жабайы табиғат қорығы мен сегіз қорық орналасқан, оларда үш мыңнан астам өсімдік түрі, елуден астам балық түрі, екі жүз сексен жануарлар түрі және үш миллион гектардан астам орман алқабы мекендейді.<ref>Үлгі:Citeweb</ref>

Қалалық көлік жүйесі

Ашхабадта жалпы ұзындығы шамамен 2230 шақырымды құрайтын 90-нан астам қалалық автобус бағыты және 20 қала маңындағы автобус бағыты бар. Қалада екі автобекет бар: біреуі Текин базарының жанында және Ашхабад халықаралық жолаушылар автовокзалының жанында.

Троллейбустар алғаш рет Ашхабад көшелерінде 1964 жылы 19 қазанда пайда болды. 2011 жылғы жағдай бойынша қалада жеті бағыт жұмыс істеді, троллейбус паркінде 47 троллейбус болды.

Ашхабадтың Олимпиадалық ауылында монорельсті жол салынды. Желінің ұзындығы 5,1 км, сегіз станция және үш вагоны бар.

Сапармұрат Түркіменбашы әуежайы Ашхабад орталығынан он шақырым жерде орналасқан. Ол негізінен түркімен әуе компаниясының Turkmenistan Airlines және Turkish Airlines (Түркия), S7 Airlines (Ресей), Lufthansa (Германия), Belavia (Беларусь) және басқа да шетелдік компаниялардың халықаралық рейстеріне қызмет көрсетеді.

Ашхабадта теміржол вокзалы бар. Одан жолаушылар мен экспресс пойыздар Түркіменбашы, Дашогуз, Түркіменабад, Серхетабат және Әмударияға барады.

Театрлары

  • Сапармұрат Түркіменбашы атындағы Бас драма театры;
  • Молланепес атындағы студенттер театры;
  • Махтымқұл атындағы ұлттық музыкалық-драма театры;
  • Алп Арслан атындағы Түркімен ұлттық жастар театры;
  • Түркімен мемлекеттік қуыршақ театры;
  • А.С.Пушкин атындағы мемлекеттік орыс драма театры;
  • Түркімен мемлекеттік циркі.

Бауырлас қалалары

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер Үлгі:Азия елордалары Үлгі:Түрікменстан қалалары Үлгі:Geo-stub